Жаңа буынының Camry автокөлігінің (2024 жылғы 1 маусымнан бастап шығарылған) Toyota ресми сервис орталықтарындағы алғашқы бес ТҚК (техникалық қызмет көрсетудің) шығыстарын өтейтін сервистік жоспары бар.
Сервистік жоспар көлік иесіне Toyota ресми дилерлік орталығында дайындаушы зауыт регламенттеген техникалық қызмет көрсетуден тегін өтуге мүмкіндік береді. Төмендегі сілтеме бойынша ToyotaCare бағдарламасының шарттарымен толығырақ танысыңыз.
Сервистік жоспардың шарттары (Opens in new window)
Жайлылық
Camry автокөлігінің жаңа буынын (2024 жылдың 1 маусымынан бастап шығарылған) ресми дилерден сатып алған жағдайда:
Сервистің жоғары деңгейі
Сіздің автокөлігіңізге Toyota білікті техникалық мамандары тарапынан, сондай-ақ мамандандырылған жабдықпен, тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер қолданыла отырып қызмет көрсетіледі.
Автокөлікке қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар Toyota жоғары стандарттарына толық сәйкестікте өткізіледі.
Жоғары қалдық құн
ТҚК ресми дилерде жүйелі түрде өтіп отыру әрмен қарай сату кезінде автокөліктің қалдық құнын айтарлықтай жоғарылатады.
Оған қосымша сервистік жоспар автокөлікпен байланыстырылған, бұл қалған ТҚК жаңа көлік иесінің пайдаланатынын білдіреді.
Ыңғайлылық
Автокөлік иесі ТҚК Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы кез келген Toyota ресми дилерлік орталығынан өтуге құқылы.
Техникалық қызмет көрсету:
Өзіңізге қажетті модель мен қозғалтқыш көлемін таңдаңыз. ТҚК бағасын көру үшін қалған ақпаратты көрсетіңіз.